Негізгі Жаңалықтар Жаңа баспаналар бой көтеріп жатыр

Жаңа баспаналар бой көтеріп жатыр

Жангелдин ауданының орталығы Торғай ауылында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Қазіргі таңда елді мекенде 24 пәтерлі 12 баспананың құрылысы жүріп жатыр. Жаңа үйлер заманауи талаптарға сай салынып, ауыл тұрғындарын үй-жаймен қамтуға мүмкіндік бермек. 

Бұл жоба - аудан орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды бастамалардың бірі. Баспананың құрылыс жұмыстары шілде айының ортасында басталған. Жаңа тұрғын үйлердің әрқайсысының жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрайды. Ал әр пәтердің көлемі 60 шаршы метр. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар