Желаяқтар жарысы
Облыс орталығында «Kostanay Half Marathon» атты жартылай сайыс өтті. Оған мыңға жуық адам қатысты. Саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық іс-шарада желаяқтар алты түрлі қашықтық бойынша өзара бақ сынасты. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар, әуесқойлар мен балалар да қатысты.
Қостанай төрінде төртінші мәрте дүркіреп өткен «Kostanay Half Marathon» атты желаяқтар жарысы өз мәресіне жетті. Жыл сайын қарқыны үдей түскен бәсекенің бұл жолы да ауқымы кеңейіп, көршілес елдерден келген мықтылар ақ шаңдақ жолда бақ сынады.