Негізгі Жаңалықтар Қостанай қаласының әкімі дауыс берді

Қостанай қаласының әкімі дауыс берді

Ел тарихындағы маңызды саяси науқанға Қостанай қаласының тұрғындары да белсенді қатысып жатыр. Бүгін шаһардағы барлық сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау үшін дауыс беру басталды. Таң сәріден учаскелерге келген тұрғындар өз таңдауларын жасап, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Ел өміріндегі елеулі оқиғада қала әкімі де белсенділік танытты. 

№74 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев келіп, өз таңдауын жасады. Қала басшысы дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымын білдіріп, ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмады. Айта кетейік, биыл елімізде алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар