Негізгі Жаңалықтар 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңарды

20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңарды

Қостанайда 20 жылдан астам тарихы бар аквапарк реконструкциядан өтіп, елдегі ең ірі су кешеніне айналмақ. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда аквапарк аумағын абаттандыру жүргізіліп жатыр. 

Аумағы 10 мың шаршы метрден асатын жаңа нысан 500 адамға шақталған. Оның негізгі бөлігі аква аймақта жеті бассейн мен бірнеше су сырғанақтары салынады. Ең үлкен су аттракционының ұзындығы 75 метрге дейін жетеді, сондай-ақ алаңда фуд-корт, демалыс аймақтары болады. Нысан іске қосылғаннан кейін жергілікті тұрғындар үшін жүзден аса жаңа жұмыс орны ашылады.




Бөлісу

Аймақтық телеарналар