Өңір ұстаздары тамыз кеңесінде бас қосты
Қостанай облысында жаңа оқу жылына дайындық пысықталды. Өңірдің әр аудан-қаласынан жиналған ұстаздар облыстық тамыз кеңесінде бас қосты. Жиын барысында «Адами капиталды дамыту – Қостанай облысы білім беру жүйесінің стратегиялық басымдығы» тақырыбы кеңінен талқыланды. Кеңесте білім сапасын арттыру, заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу, педагогтердің кәсіби құзыретін жетілдірумен қатар, адами капиталды дамыту мәселесіне де басымдық берілді.
Кеңес басталар алдында қонақтарға арнайы көрме ұйымдастырылды. Мұнда білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан жаңа технологиялар мен заманауи жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, балалардың танымдық қабілетін дамытуға арналған ойын құрылғылары мен робототехника саласындағы жетістіктер көпшілік назарына ұсынылды.