Негізгі Жаңалықтар Халықаралық жас инспекторлар слеті басталды

Халықаралық жас инспекторлар слеті басталды

Қостанайда Ғазиз Байтасов атындағы 21-ші халықаралық жас жол инспекторлары слетінің ашылу салтанаты өтті. Биылғы ауқымды іс-шараға Қазақстанның 20 өңірінен және ТМД елдерінен 6 команда қатысуда. Он күнге жоспарланған жиында жас инспекторлар жол қауіпсіздігі бойынша білімдерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасып, достық байланысын нығайтатын болады. 

Жас жол инспекторлар қозғалысы - балалардың жолдағы қауіпсіздігін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Қостанай облысында қазір 325 жас инспекторлар жасағы жұмыс істейді. Оның құрамында үш жарым мыңға жуық оқушы бар. Слеттің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, жас инспекторларға сәттілік тіледі. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар