Негізгі Жаңалықтар Судың да сұрауы бар

Судың да сұрауы бар

Қостанайлықтардың су үшін қарызы 40 миллион теңгеден асты. «Қостанай-Су» кәсіпорнының мәліметінше, 24 мың абоненттің төлем бойынша берешегі бар. Қарызын екі айдан астам уақыт өтемегендердің суы өшірілуі мүмкін. Қазірдің өзінде 20 абонентке қызмет көрсету тоқтатылған.

Қалада су мен кәріз қызметін пайдаланатындардың саны көп. «Қостанай-Су» бүгінде шамамен 115 мың абонентке қызмет көрсетеді. Бірақ олардың барлығы төлемді уақытында жасай бермейді. Қазір кәсіпорынға 24 мың абоненттің қарызы жиналған.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар