Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
Қамысты ауданындағы сапар барысында облыс әкімі жергілікті тұрғындармен де кездесті. Жиында ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы жоспары қозғалды. Ауыл халқының көкейдегі сауалдарына аймақ басшысы жауап берді.
Қамысты ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыс атқарылған. Аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев есеп беру барысында инфрақұрылым, абаттандыру, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салалардағы нәтижелерге тоқталды. Сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған жобаларды атап өтті.