Негізгі Жаңалықтар Өкпе обырының алдын алуға арналған ашық есік күні

Өкпе обырының алдын алуға арналған ашық есік күні

№2 емханада өкпе обырының алдын алуға бағытталған ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында тұрғындар арасында сауалнама жүргізіліп, мамандар темекі шегудің зияны мен аурудың алдын алу жолдары жөнінде кеңес берді.  

Өкпе обыры - өкпе мен бронхтарды зақымдайтын қатерлі ісік. Оның пайда болуына түрлі факторлар әсер етеді. Солардың ішінде ұзақ жылдар бойы шылым шегу - негізгі қауіптің бірі. Аурудың алғашқы белгілеріне ұзақ уақыт басылмайтын жөтел, ентігу, қақырық бөлінуі және дене қызуының көтерілуі жатады. Алайда кей жағдайда дерт ешқандай белгісіз де дамуы мүмкін. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар