Орманды өрттен сақтайық
Орман мен дала алқабындағы өрттің негізгі себептерінің бірі – отты абайсыз пайдалану. Сөндірілмеген темекі тұқылы мен мангалдан ұшқан шоқтың өзі үлкен өртке себеп болуы мүмкін. Сондықтан мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, табиғат аясында барынша сақ болуға шақырады. Өрттің алдын алу мақсатында құтқарушылар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рейдтік іс-шараларды күшейткен.
Қостанай облысында өрт қаупі жоғары кезең қараша айына дейін жалғасады. Бұл уақытта құрғақ шөп пен қураған ағаштар тез тұтанатындықтан, өрт шығу қаупі артады. Сондықтан мамандар табиғат аясында демалған кезде барынша сақ болуға шақырады. Әсіресе орман ішінде от жағуға қатаң тыйым салынған. Бұл талапты елемегендер айыппұл арқалауы мүмкін.