Негізгі Жаңалықтар Қостанайды цифрландыруға арналған тың жобалар

Қостанайды цифрландыруға арналған тың жобалар

Қостанайда Smart City бағытындағы халықаралық хакатон басталды. Екі күн бойы мектеп оқушылары, студенттер мен IT-мамандар қаладағы өзекті мәселелерге цифрлық шешім іздейтін болады. Қатысушылардың жасы мен тәжірибесіне шектеу қойылмаған. Басты міндет - тиімді идея ұсынып, оны нақты жобаға айналдыру. 

Іс-шараны жүзеге асыруға халықаралық және жергілікті серіктестер қолдау көрсетті. Олардың қатарында Халықаралық электр байланысы одағы, Қостанай облысының цифрландыру және ақпараттандыру басқармасы, қала әкімдігі, сондай-ақ қатысушыларға нақты техникалық тапсырмалар ұсынған кәсіпорындар да бар. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар