Жаң кешен -жаңа мүмкіндік
Қостанайда үстел теннисіне арналған жаңа спорт кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Екі қабатты нысанның іргетасы былтыр қаланған. Жобаға 1,7 млрд теңге бағытталған болатын. Нысан бір мезетте 150 адамға дейін қабылдайды. Мұнда спортшылар жаттықтыра отырып, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар.
Қазір ғимараттың төбесі жабылған. Қасбеті мен ішкі бөлмелерінде тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Инженерлік желілер тартылып, жертөле қабатына жылу жүйесі жүргізілу үстінде. Қажетті жабдықтар сатып алынған. Енді ғимараттың ішін әрлеу және айналасын абаттандыру жұмыстары қалды. Үстел теннисі орталығы биыл қазан айында ашылмақ.