OPEN AIR: Жастар бас қосқан кеш
Жастық шақ – тың идея мен үлкен мақсатқа ұмтылатын ерекше кезең. Бүгінде жастар ел өмірінің сан саласында белсенділік танытып, қоғамның дамуына өз үлесін қосып келеді. Халықаралық жастар күніне орай Қостанайда OPEN AIR форматындағы мерекелік іс-шара өтіп, жас буынның басын бір алаңға жинады.
Ашық аспан астындағы кеште өнер мен спорт, киберспорт пен шығармашылық, волонтерлік пен әлеуметтік бастамалар өзара тоғысты. Іс-шараға белсенді жастар, шығармашылық ұжымдар, волонтерлер, спортшылар қатысты