Kostanay Book Fair кітап көрме-жәрмеңкесі жұмысын бастады
Қостанайда қала күніне орай KostanayBookFair кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын бастады. Кітапсүйер қауымға арналған көрмеде жергілікті кітапханалар мен республикалық баспалардың өкілдері бас қосты.
Көрмеде Қостанай қаласының кітапханалары өз қорындағы әдебиеттерді заманауи форматта таныстырып, оқырмандарға түрлі бағыттағы кітаптарды ұсынуда. Ал республикалық баспалар жаңа басылымдарын көпшілік назарына ұсынып, кітаптарды өндіруші бағасымен сатылымға шығарды.
Жәрмеңке аясында кітап көрмесінен бөлек, танымал қаламгерлермен кездесулер де ұйымдастырылуда. Оқырмандар авторлармен жүздесіп, олардың шығармашылығы туралы әңгімелесіп, кітаптарына қолтаңба алуға мүмкіндік алады.