Негізгі Жаңалықтар Табиғатпен тілдескен туындылар

Табиғатпен тілдескен туындылар

Облыстық көркемсурет галереясында Николай Торшин мен мүсінші Александр Воткалдың шығармашылығына арналған бірлескен «Сурет және өнер» атты көрме өтті. Осы іс-шара аясында көрермен назарына қос қылқалам шеберінің 162 туындысы ұсынылды. 

Оның ішінде Николай Торшиннің 151 жұмысы болса, Александр Воткалдың 11 еңбегі көрме төрінен табылды. Экспозицияда пейзаж жанрына басымдық беріліп, табиғат көріністері арқылы туған өлкенің тыныс-тіршілігі бейнеленген. Өнерпаздардың шығармаларынан қаламыздың тарихы мен салт-дәстүрін де аңғаруға болады. 


Бөлісу