Негізгі Жаңалықтар Аялдамалардағы аянышты ахуал

Аялдамалардағы аянышты ахуал

Аялдама – қаладағы ең көп қолданылатын қоғамдық орындардың бірі. Күн сайын мұнда жүздеген адам автобус күтеді. Бірақ бірқатар аялдамаларда тазалықтан бұрын сынған әйнек, қабырғаға жапсырылған жарнама мен шашылған қоқыс көзге түседі. Аялдамаларды тазалайтын арнайы қызмет бар. Яғни мәселе тазалаудың жоқтығында емес, тазалықтың ұзақ сақталмауында.

Аялмалар тазалығына жауапты мамандар күн сайын нысандарды аралап, шашылған қоқысты жинайды, әйнек пен орындықтарды тазартады, айналасын ретке келтіреді. Алайда нысанның таза күйі ұзаққа бармайды. Себебі оны ластайтын да, бүлдіретіндер де табылады. Олар – тұрғындардың өздері.



Бөлісу