Негізгі Жаңалықтар Есірткі айналымының алдын алу көрсеткіші

Есірткі айналымының алдын алу көрсеткіші

Қостанай облысында 1- маусымнан бері «Қарасора-2026» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Осы уақыт ішінде полиция есірткіге қатысты 53 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтап, 52 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Анықталған қылмыстар қатарында 11 есірткі сату, 7 аса ірі көлемде сақтау, 3 контрабанда, 4 есірткі өсімдігін заңсыз өсіру және 3 есірткі жарнамалау фактісі бар. Соңғы жағдайлардың бірінде Қостанайда 26 жастағы ер адамнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі және 500 грамм марихуана тәркіленді. Полиция мәліметінше, ол интернет-дүкеннің өңіраралық курьері болған. Құқық қорғаушылар жастардың әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткі бизнесіне тартылу қаупі жоғары екенін ескертеді. Жыл басынан бері облыста есірткіге қарсы 85 профилактикалық іс-шара өткізіліп, 16 мыңнан астам адам қамтылды. Полиция тұрғындарды есірткі сату, белгілі бір жергет жасрып кету, есірткіге қатысты граффити және өзге де заңсыз әрекеттер туралы хабарлауға шақырады.


Бөлісу