«Алтын микрофон – 2026»: жас таланттарды іздейміз!
Қостанай қаласында 22-ші халықаралық «Алтын микрофон» байқауы басталды. Халықаралық өнер додасына Болгария, Украина, Армения, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген жас өнерпаздар қатысып жатыр.
Ән додасына келген жас өнерпаздар сахна мәдениеті мен киім үлгісіне де ерекше мән берген. Ұлттық нақыштағы және заманауи сахналық костьюмдермен ерекшеленді. Ал сахнада әуелеген әннің сан алуандығы көрермен көңілін тербетті. Қатысушылар қазақтың дәстүрлі әндерімен қатар, шетелдік шығармаларды да нақышына келтіре орындап, өздерінің вокалдық шеберліктерін көрсетті.