Негізгі Жаңалықтар Жас буын – жарқын болашақ

Жас буын – жарқын болашақ

Қостанай ауданында жастардың басын қосып, олардың белсенділігін арттыруға бағытталған жобалар аз емес. Ал Халықаралық жастар күні осы бастамалардың барлығын бір алаңға тоғыстырды. Жастар мерекесін Жастар ресурстық орталығы мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.  

Мереке басталысымен-ақ алаң думанға бөленді. Бірі сүйікті әншісін қолдаса, енді бірі би алаңына асықты. Әрбір өнер нөмірі көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, кештің қарқыны бір сәтке де бәсеңдеген жоқ. 




Бөлісу

Аймақтық телеарналар