Негізгі Жаңалықтар Халықаралық жастар күні мерекеленді

Халықаралық жастар күні мерекеленді

Жастар – елдің ертеңі ғана емес, бүгінгі өзгерістің де қозғаушы күші. Қостанай облысында тың идеяны нақты жобаға айналдырып жүрген жастар аз емес. Оларға қолдау көрсететін алаңдардың бірі – Qostanai Hub. Мұнда жастар білімін жетілдіріп, жаңа орта тауып, өз жобасын дамытуға мүмкіндік алады. 


Жастарға өз идеясын жүзеге асыру үшін мүмкіндік пен қолдау қажет. Қостанайда бұл бағытта арнайы алаңдар жұмыс істейді. Солардың бірі – Qostanai Hub. Мұнда жас бастамашылдар жаңа білім алып, жобасын пысықтап, оны жүзеге асырудың жолдарын үйренеді. Соның бір мысалы – ғылым мен цифрлық технологияны ауыл шаруашылығымен ұштастырған Deep Dala жобасы. 


Бөлісу