Негізгі Жаңалықтар «Қауіпсіз жол»: алғашқы күні 356 ереже бұзылды

«Қауіпсіз жол»: алғашқы күні 356 ереже бұзылды

Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның алғашқы күнінде полиция қызметкерлері 356 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 

Оның ішінде: 7 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған; 113 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған; 60 жүргізуші рөлде телефон қолданған; 4 заңсыз жолаушы тасымалдау фактісі анықталған; жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзудың 25 дерегі тіркелген.

Сонымен қатар, 13 көлік арнайы тұраққа қойылды. Полицейлердің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Сондықтан тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, көлік жүргізу кезінде телефон қолданбауға және қауіпсіздік белдігін тағуға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік — әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты.


Бөлісу