«Кітап оқитын ұлт»: жаңа кезең
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқитын ұлт қалыптастыру үшін, зиялы қауымның әлеуетін арттыру үшін кітап оқудың маңызын атап өткен болатын. Өйткені бір шығарма ойға қозғау салып, енді бірі өмірге деген көзқарасты өзгертеді. Осы мақсатты көздеген «Кітап оқитын ұлт» жобасы биыл да жалғасын таппақ.
Кітапқа құштар оқырманның қатары артса, елдің де ой-өрісі кеңеймек. Тобыл-Торғай өңірінде «Кітап оқитын ұлт» жобасын ары қарай жүзеге асыру үшін меморандум рәсімделді. Құжатқа қоғамдық қор төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков пен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қол қойды. Енді жобалық офис құрылып, 1 қыркүйектен бастап тіркеу басталады. Былтыр облыс халқының жеті пайызын қамтыған жоба биыл бұл көрсеткішті он пайыздан асыруды көздейді.