Негізгі Жаңалықтар Қаланың жаңа келбеті

Қаланың жаңа келбеті

Қостанайдың жаңа шағын аудандарында құрылыс жұмыстары қарқын алып келеді. Жаңа тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер мен көлік қатынасы қатар қолға алынған. Облыс әкімі Береке және Әуежай шағын аудандарындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 

Береке - күн сайын өркендеп келе жатқан шағын аудандардың бірі. Мұнда 1200 орындық келешек мектебі бар. Тағы оқу ошақтары бой көтеріп жатқан, бір ауысымда 300 адамды қабылдайтын емханасы бар қаланың жаңа ауданы. Осыдан 9 жыл бұрын аумағы шамамен 100 гектар деп белгіленген жерде қазір 6 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 

Ал алдағы жылы тағы 6 көп қабатты тұрғын үй салынады. Оның үшеуі бюджеттік қаражат, қалғаны жеке құрылыс компаниялардың қаржысына. 2021 жылдан бері бұл шағын ауданда газ, электр, жылу желілері мен кәріз құдықтары жүргізілген. Ал, транспорттық инфрақұрылымды ілгерілету үшін биыл 1,2 млрд теңге бағытталған. 

Облыс әкімі Қостанай плаза сауда орталығы қасында бой көтеретін жаңа қонақ үйдің құрылыс барысымен де танысты. Аумағы 11 мыңнан аса шаршы метрді құрайтын нысанға тартылған қаражат 5 млрд теңге. Онда қонақ қабылдайтын 120 нөмір, мейрамхана, жаттығу мен конференцияға арналған залдар болады. 


Бөлісу