Ауыл мектебі жөндеуден өтті
Облыста биыл 97 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында шағын елді мекендердегі мектептер де бар. Солардың бірі - Қостанай ауданына қарасты Константинов ауылының негізгі орта мектебі. Мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында спортзал толық жаңартылды.
Қостанай ауданындағы Константинов негізгі орта мектебінде жөндеу жұмыстары 8 маусымда басталды. Оқу кабинеттері мен дәліздерде әрлеу жұмыстары жүргізілсе, спортзал толық жаңғыртылды. Қабырғалар тегістеліп, едені ауыстырылып, заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылды. Жөндеуге 9 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды.