Қостанайда су құбырлары гиперхлорланады
Қостанайда 18-21 тамыз аралығында су құбырларын гиперхлорлау жұмыстары жүргізіледі. Бұл - жыл сайын жаз-күз мезгілінде атқарылатын жоспарлы санитарлық шара.
Биылғы шара санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісілген. Мамандардың айтуынша, су құбырларын залалсыздандыру жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде өткізіледі. Осы мерзімде суық су құрамындағы хлордың мөлшері әдеттегіден жоғары болады. Сол себепті қала тұрғындарына краннан алатын ауыз суды міндетті түрде қайнатып тұтыну ұсынылады.