Негізгі Жаңалықтар Баспанамен қамтуға басымдық беріліп отыр

Баспанамен қамтуға басымдық беріліп отыр

«Отбасы банкі» процестерді цифрландыру есебінен кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу қарқынын үш есеге арттырды. Ұлттық даму институты мәртебесінде жұмыс істеген алғашқы жылы 23,5 мың отбасы пәтер кілтін алды. 

Жыл соңына дейін құны 130 млрд теңге болатын тағы 8812 кредиттік пәтерді бөлу жоспарлануда. Цифрландырудың арқасында біз жыл сайынғы тұрғын үйді бөлу қарқынын үш есеге арттырдық. Салыстыру үшін айтқанда: бұрын әкімдіктер жылына 7 мыңға жуық пәтер бөлетін, ал бұл жұмыспен жалпы саны 700 қызметкер айналысатын еді. Отбасы банкінде енді мұны тек 20 маман ғана шешеді. Айта кетейік, барлығы 1,5 жыл ішінде Отбасы банкінің қолдауымен кезекте тұрған 40 мың отбасы тұрғын үй алды.


Бөлісу