Қала жолдарын жөндеу жалғасуда
Биыл Қостанай қаласындағы жолдарды жөндеуге 5,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға 27,8 шақырым жолды жаңарту жоспарланған. Оның ішінде 22,3 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі. Оған 3,1 миллиард теңге қарастырылған. 7 шақырым жол қайта жаңғыртылса, 4,8 шақырым жолға ағымдағы жөндеу жасалады.
3,1 млрд жұмсалған орташа жөндеу Қарбышев, Қайырбеков, көшелерінде бірнеше учаскеде жүріп жатыр. Быковский, Волынов, Қозыбаев пен Комаров, Летунов және Пушкин көшелеріндегі жұмыстардың қазір 65 пайызы аяқталған.