Қарасу ауданында әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Өңірде өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға басымдық берілуде. Бұл туралы аудан әкімінің қатысуымен өткен жиында айтылып, алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.