Тобыл өзенінің жағасында «Таза ойындар» акциясы өтті. Іс-шараға 50-ге жуық «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері қатысып, өзара қоқыс жинап, оны сұрыптау бойынша жарысты. Бұл акция табиғатты қоқыстан тазалауды ғана емес, жастар арасында қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.