Жітіқара ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң өсімді көрсетіп отыр. Бюджет кірістерінің артуы ауданның қаржылық тұрақтылығын нығайтып, әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл туралы аудан әкімі өңірдің биылғы алғашқы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған есептік жиында мәлімдеді.