Бүгінде Қостанай қаласы облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 52,8 пайызын қамтамасыз етеді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінде облыс орталығының орны айрықша. Сондай-ақ, негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың 44,8 пайызы Қостанай қаласының үлесінде. Құрылыс саласында да шаһардың қарқыны ерекше жоғары.