Бір ғана әріп - үлкен өзгерістің бастауы болды. 1- шілдеден бастап Қазақстанның ұлттық валютасы атауының ресми жазылу тәртібі өзгерді. Енді құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілердің орыс тіліндегі нұсқаларында да валюта атауы қазақ тілінің табиғи үндестігіне сай «теңге» деп, яғни төл әріп - «ң» таңбасымен жазылады. Бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға қалай әсер етеді? Қандай да бір құжаттарды қайта рәсімдеу қажет пе?