Ауыл әлеуетін арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау өңір дамуының басты бағыттарының бірі. Осы ретте облыс әкімі Меңдіқара ауданындағы елді мекендерді аралап, халыққа қажетті инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен танысты. Сапар барысында ауыз су желілерінің тартылуы, жол жөндеу жұмыстары, ауыл шаруашылығы мен өндірістік жобалардың іске асырылуы назарға алынды.