Жаздың қызған шағында базар сөрелері де берекеге толы. Қазір мұнда жергілікті шаруалардың өнімдерімен қатар, балғын қарбыз, қауын және түрлі жидектердің сан алуан түрін кездестіруге болады. Бірі отбасы дастарханына қажетті жеміс-жидегін таңдап жатса, енді бірі қысқы қорын қамдауға кіріскен.