Ұзынкөл ауданында кезекті спартакиада жалауын көтерді. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жарыс биыл да жүздеген спортшының басын қосты. Волейболдан бастап қазақ күресі мен бәйгеге дейінгі спорт түрлерін қамтыған додада қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, облыстық спартакиадаға жолдама үшін сынға түсті.