Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз әкету әрекеттерінің жолын кесу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Ведомство мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде ЖЖМ заңсыз сыртқа тасымалдаудың 282 дерегі тіркеліп, олардың барлығына тосқауыл қойылды. Жалпы есеппен 7 мың литрге жуық отынның заңсыз әкетілмеуі қамтамасыз етілді. Оның ішінде:Бензин: 4 мың литрге жуық;
Дизель отыны: 3 мың литрге жуық.
Тексеру барысында мұнай өнімдеріне тиісті ілеспе жүкқұжаттардың (СНТ) жоқтығы анықталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-1-бабының 5-бөлігіне сәйкес тиісті әкімшілік материал жасалып, қарау үшін сот орындарына жолданды.Талдау көрсеткендей, құқық бұзушылар шекара арқылы отынды өткізу үшін негізінен канистрлерді пайдалану тәсілін жиі қолданады. Бұл – өңірдегі ең кең таралған заңсыз тасымалдау әдістерінің бірі.Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерінің мемлекеттік шекара арқылы орын ауыстыруына бақылау тұрақты негізде жүргізілетінін ескертеді. Заң бұзушылықтардың алдын алуға және олардың жолын кесуге бағытталған шаралар әрі қарай да жалғасатын болады.
Қостанай облысында 7 мың литрге жуық жанар-жағармайды заңсыз әкетуге жол берілмеді