Лайықты еңбек, әлеуметтік әділеттілік және тұрақты даму. Қостанай облыстық кәсіподақтар орталығында өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында осы мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, Біріккен Ұлттар Ұйымының, мемлекеттік органдардың және өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.