Ғасырлық тарихы бар білім ордасы – елдің рухани қазынасы. Науырзым ауданы Мереке орта мектебі өзінің 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Тұтас дәуір белесін бағындырған қара шаңырақтың мерекесіне әр жылдары осы мектептен түлеп ұшқан түлектер, ардагер ұстаздар, аудан тұрғындары мен құрметті қонақтар жиналды.