Алимент өндіру тетігін жетілдіру, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету және бала құқығын қорғау. Осы мәселелер дөңгелек үстел жиынында кеңінен талқыланды. Басқосуға құқық қорғау және сот жүйесінің өкілдері, адвокаттар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Жиында заңнамадағы түйткілдер сараланып, оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар айтылды.