Қостанайда «Марал ишан әулетінің рухани құндылықтары» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті. Тағылымды жиынға еліміздің әр өңірінен келген ғалымдар, Марал ишан әулетінің ұрпақтары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып,  ұлттық руханият, тарихи мұра және әулеттің ел өміріндегі алар орны жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.