Жыл басынан бері интернет алаяқтық саны 29,6 пайызға азайған. Бұл – жергілікті полиция басқармасы жүргізген жүйелі профилактикалық жұмыстың нәтижесі. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, интернет алаяқтықпен күресте тек негізгі адамдарды ғана емес, барлық қатысушыларды анықтау маңызды.