Сондай-ақ сапар аясында аймақ басшысы Меңдіқара жұртшылығымен де жүздесті. Кездесу барысында ауданның тыныс-тіршілігі, ауылдардың дамуы мен алдағы жоспарлар қозғалды. Себебі тұрғындармен тікелей жүздесу - елді мекендердің өзекті мәселелерін анықтап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.