Өңір экономикасы қарқынды дамып келеді. Оның басты драйвері – машина жасау саласы. Бүгінде автокөлік өндірісінің өркендеуі өңдеу өнеркәсібінің үлесін едәуір арттырып, өңірдің индустриялық әлеуетін нығайта түсті. Ең бастысы, бұл серпін халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етуде. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде аймақта жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындарды тұрақты еңбекпен қамту мүмкіндігі кеңейіп келеді.