Өңірде орман өрті қаупі әлі де жоғары. Жыл басынан бері 33 тоғай өрті тіркелген. Мамандар тілсіз жаудың басым бөлігі даладан таралған жалыннан шығатынын айтады. Биыл орман шаруашылықтарының дайындығы күшейтіліп, жаңа техника алынып, материалдық-техникалық база жаңартылды.