Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында шаһардың инфрақұрылымын жаңғырту, спорт нысандарын дамыту және көлік саласын жетілдіру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Соңғы үш жыл ішінде қаладағы 138 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды. Облысы әкімі кезекті жұмыс сапарында қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар ретімен танысты.