Елімізде шілденің екінші жексенбісі – балықшылар күні атап өтіледі. Су айдындарының байлығын сақтап, елді сапалы өніммен қамтамасыз етіп жүрген сала мамандары үшін бұл – кәсіби мереке. Қазақстандағы көлдер ең көп шоғырланған өңірдің бірі – Қостанай облысы. Сондықтан мұнда балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Соңғы жылдары өңірде табиғи су айдындарындағы балық қорын сақтау жұмыстары күшейіп, акваөсіру ісі де қарқын ала бастады.