Өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Жыл басынан бері 137 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталған. Мамандардың мәліметінше, жол-көлік оқиғалары көбіне жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және жүргізушілердің жауапсыздығынан орын алады. Осыған байланысты полиция қызметі жасырын патрульдеуді күшейтіп, «Қорғау» жүйесін, автоматты бақылау кешендері мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын кеңінен қолдануда.
Жолдағы қауіпсіздік күшейтілді