Тарихи ескерткіштер - өткеннің ізі ғана емес, келер ұрпаққа аманат. Соңғы кезде қоғамдық орындар мен мәдени мұра нысандарына заңсыз таңбаланатын сан түрлі жазулар мен суреттер бұл мәселеге қоғам назарын аударуды қажет етіп отыр. Осы мақсатта облыс орталығында «Вандализмге жол жоқ!» акциясы ұйымдастырылды.