Қостанайда көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тәртібіне көшу жалғасып жатыр. Былтыр күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді пәтер иелері өз үйлерін басқару нысанын таңдауы тиіс. Ал кооперативтер өз қызметін жаңа талаптарға бейімдеп жатыр.