Жаз басталысымен су жағасына ағылатындар көбейеді. Бірақ демалыс тек сақтық қағидалары ескерілген кезде ғана қауіпсіз болмақ. Бірақ өкінішке қарай, жыл сайын судағы жазатайым оқиғалар азаймай отыр. Оның үстіне, өңірдегі бірқатар жағажай қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейді. Осыған байланысты су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте кеңінен талқыланды.